Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Құқық » Сыбайлас жемқорлық — қазіргі заман дерті

Сыбайлас жемқорлық — қазіргі заман дерті

Сыбайлас жемқорлық  — қазіргі заман дерті, ғасыр ағысымен бірге өсіп-өркендеп, қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған  мәселелердің  бірі.  Тек қана экономика саласында ғана емес, мәдениет және спорт, білім салаларында да жемқорлықтың өрті шарпып тұр. ҚР Конститутциясында  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң  аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда.

Осы орайда, Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты М.Маметова атындағы №111 ЖОББМ-нде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жиын болып өтті.

Жиында сөз алған мектеп директоры А.Ниязов мектеп әкімшілігін, педагогикалық құрам қызметкерлерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға, төзбеушілікке дағдылануға, алдын алуға барлық үнемі атсалысып, қолданыстағы заң талаптарын орындаудың маңызды екендігін атап өтті.

Жалпы, Шымкент қаласы М.Маметова атындағы білім ордасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында түрлі шаралар қолға алынып, орындалып келеді. Ата-аналармен түсіндірме жұмыстары, оқушылармен сынып, тәрбие сағаттарын өткізу жолға қойылған.

Саналы әрі адал ұрпақ тәрбиелеу — басты парызымыз екендігін әрдайым есте ұстаған жөн.

 

С.Адилметов., Шымкент қаласы.

Пікір жазу