Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Құқық » ЖАЛҒАН АҚПАРАТ БЕРГЕНДЕРГЕ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕР ҚАРАСТЫРЫЛҒАН

ЖАЛҒАН АҚПАРАТ БЕРГЕНДЕРГЕ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕР ҚАРАСТЫРЫЛҒАН

Бүгінгі таңда жемқорлық заң бұзушылық дерек-фактілері болған жағдайда азаматтар құқық қорғау орындарына, сыбайлас жемқорлықпен күрес орталықтарына тегін call-центрлар арқылы хабарлай алатын мүмкіндіктер жасалды. Жемқорлық заң бұзу фактілерін хабарлаған, немесе қандайда болмасын басқа әдіспен жемқорлықпен күресуге үлесін қосқан тұлғаларды материалды тұрғыда ынталандырылатын болды.

Шымкент қаласы Білім басқармасы Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2018 жылғы 31 мамырдағы қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға  қарсы іс – қимыл жоспарын» орындау мақсатында мектебімізде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында іс-шара жоспары жасалынып, бекітілді.

№52 мектеп-лицейінде «OPEN SPECE» ашық бөлмесі және тәулік бойы жұмыс істейтін Call – орталығы ашылған. Call орталықта көрсетілген байланыс номерлеріне қоңырау шалып,  әр ата-ана баласының білім алуына байланысты сұрақтары мен ұсыныстарына, сонымен қатар шешімі табылмаған мәселелерге толық жауап ала алады. Біз үшін әрбір ата-ананың пікірі маңызды. Мемлекет басшысының ашықтық саясатын мектеп лицей директорымен  ұжым  мүшелері жүзеге асырып отыр.

Заң бойынша, жемқорлық құқық бұзушылықты хабарлаған және басқа да жолмен жемқорлықпен күреске ат салысқан тұлға мемлекет қорғауында болады. Жемқорлықпен күреске көмек берген тұлға туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады. Егерде қажеттіліктер туындаған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін органдар жемқорлыққа қарсы күреске ат салысқан тұлғаның жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кепілдіктер береді немесе оның қауіпсіздігін толықтай қамтамасыз етеді.

Бұдан бөлек, кез келген тұлға жемқорлықпен күрес жүргізуші органға басқа құқық қорғау органына қатысты жемқорлық қылмыс туралы жалған ақпарат беретін болса оған да әртүрлі заңдық жауапкершіліктер қарастырылған.

Осы мәселелер ата-аналарға, мектеп ұжымы арасында кеңінен түсіндірілді. Сонымен бірге, Шымкент қаласы Білім басқармасы ұйымдастырған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!»  челленджі аясында мектеп директоры Бимырзаева Айнұр Жарылқасынқызы мектептің ағымдағы жөндеу жұмыстарына, мектеп бітіруші түлектерден, оқушылардан, ата-аналардан түрлі мәселелерді желеулетіп ақша жиналмағандығы жайлы бейнекөрсетілім түсіріп, мектептің facebook әлеуметтік парақшасында жарияланып, ата-аналар тарапынан оң пікірлер қалдырылды.

 

Пікір жазу