Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ЖАҢА БІЛІМ ОРДАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ЖАҢА БІЛІМ ОРДАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Бүгін Шымкент қаласындағы Құрсай шағынауданында Әл-Фараби атындағы жекеменшік жаңа мектеп пайдалануға берілді, деп жазады қалалық «Шымкент келбеті» газетіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі.
Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесі қарсаңында беріліп отырған оқу ордасының ашылу салтанатына қалалық Білім басқармасының басшысы Жанат Арысбекқызы Тәжиева, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов қатысты.
— Қала мектептерінің қатарына жекеменшік Әл-Фараби мектебі қосылып отыр. Бұл — Елбасымыздың білім саласын дамыту бағдарламасы негізінде жүзеге асуда. Үш ауысымды білім ордаларын жою мақсатында ашылған мектептің жұмысына сәттілік тілеймін. Елін, жерін сүйетін білімді, ұлтжанды тұлғалар тәрбиеленеді деп сенемін, — деді Жанат Арысбекқызы Тәжиева.
Айта кетейік, 550 орындық жаңа ашылған білім ордасында балалардың толыққанды білім алуына барлық жағдай жасалған. Оқушылардың түрлі үйірмелер мен спорттық шараларға қатысуға мүмкіндігі бар. Білім ұясында 105 мұғалім жұмыс істеп, 1261 оқушы білім алады.

Пікір жазу