«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалында Шымкент қаласындағы көп балалы аналардың тұрғын үй алу мәселесі бойынша отырыс өткізілді.
Отырысқа «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Бектаева, қалалық партиялық бақылау комиссиясының төрайымы Д.Қожамжарова, қалалық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы фракциясының жетекшісі Б.Тулегенов, қалалық тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.Балықбаев, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ж.Өтебаева және аудан әкімінің орынбасарлары мен көп балалы аналар қатысты.
Жауапты басқарма басшысы отырыс барысында Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған Даму бағдарламасына сәйкес, 5 жыл ішінде шамамен 3 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалаунға беру немесе 47 мың пәтер салу жоспарланып отырғандығын атап өтті.
Ал, Партиялық бақылау комиссиясы тарапынан тұрғын үй басқармасына үстіміздегі жылдың наурыз айының соңына дейін қажетті құжаттарды жинақтап, сәуір айының басында кезекте тұрған көп балалы аналарға тұрғын үй беру мүмкіндігі қарастыру туралы ұсыныс берілді.
Бұған қоса, кездесуге келген көп балалы аналарға тұрғын үй кезегіне тұру және берілуі бойынша қолданыстағы Заңдарға сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізілді.