Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Шымкент қалалық №2 аурухананың бас дәрігері Сәрсен Пернебеков пен Ұлттық нейрохирургия орталығының директоры Ержан Әділбеков ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Екіжақты келісім аясында шымкенттік дәрігерлер елордалық әріптестерімен бірігіп, тәжірибе алмаспақ.
Жергілікті рентгенхирургтар біліктілігін арттыру мақсатында Ұлттық нейрохирургиялық орталығының директоры, MD. PhDr. профессоры Ержан Әділбеков пен орталықтың тамырлы және функционалды нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі, м.ғ.к., қауымдастырылған профессоры Ербол Махамбетовпен бірігіп, күрделі оталар жасады. Аталған мамандардың қатысуымен ишемиялық және геморрагиялық инсультпен түскен науқастарға жедел эндоваскулярлы ота жасаған болатын.
№2 қалалық ауруханада — бас дәрігер Сәрсен Пернебековтен бастап алыс және жақын шет елдерде біліктілігін арттырған білікті рентгенхирургтар, неврологтар командасы жұмыс істейді. Медициналық ұйымда халыққа сапалы медициналық көмек көрсетуге барлық жағдай жасалған. Аурухана құрамында емхана, перзентхана және тоғыз бөлімше бар.
«Біз мегаполис болғандықтан, науқастар басқа қалаға барып ем іздемеуі керек. Сондықтан біз №2 қалалық аурухананың емдеу мүмкіндігін арттырып, науқастар үшін барлық жағдайды жасадық. Материалдық техникалық базамыз жеткілікті. Білікті мамандарды жинадық. Енді халықтың саулығы үшін барынша аянбай еңбек етеміз», — дейді аурухананың бас дәрігері Сәрсен Пернебеков.

Пікір жазу