Тәлімгерлік ету барысында тәлімгер өзінің білімімен, тәжірибесімен бөліседі, ал тәлім алушы еңбек жолында айтулы жетістіктерге жету мақсатында өзінің кәсіби дағдыларын дамытып, қызмет барысындағы мәселелерді шешу жолдарын іздейді. Тәлімгерлік тәлім алушыға білімін, тәжірибесін беріп, жоғары мүмкіндіктерінің ашылуына көмектеседі. Полиция қызметінде де тәлімгерліктің алар орны ерекше. Қызметке жаңадан келген жас буынға орта немесе аға буын өкілдері тәлімгер болып тағайындалады. Ағымдағы жылы Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының бұйрығымен Б.Бейсенов атындағы ІІМ Қарағанды академиясының IV курс курсанты Жұмабай Бағдәулет Мамырханұлы Еңбекші ауданы Полиция басқармасының анықтаушысы лауазымына тағайындалған. Жас маманға жетекшілік етуге 2018 жылдан бері Ішкі істер органында қызмет атқарып келе жатқан Рысдаулет Сұлтанов тағайындалған. Полиция аға лейтенанты Еңбекші ауданы Полиция басқармасы анықтау бөлімінің анықтаушысы.
«Білмегенімізді сұрап, қызметте кездесетін сұрақтарға жауап іздеу кезінде қасымызда тәжірибелі тәлімгердің болғаны өте жақсы. Менің тәлімгерім өз білгенін үйретуден еш жалыққан емес», -деді жас қызметкер Жұмабай Бағдәулет.