Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ТӘЛІМГЕРЛІК – ТӘРБИЕ НЕГІЗІ

ТӘЛІМГЕРЛІК – ТӘРБИЕ НЕГІЗІ

Полиция қызметінде тәлімгерліктің алар орны ерекше. Қызметке жаңадан келген жас буынға орта немесе аға буын өкілдері тәлімгер болып тағайындалады. Ағымдағы жылы Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының бұйрығымен Б.Бейсенов атындағы ІІМ Қарағанды академиясының IV курс курсанты Төребай Бауыржан Ермаханұлы Еңбекші ауданы Полиция басқармасының анықтаушысы лауазымына тағайындалған. Жас маманға жетекшілік етуге 2011 жылдан бері Ішкі істер органында қызмет атқарып келе жатқан А.Муратов тағайындалған. Полиция майоры Еңбекші ауданы Полиция басқармасы анықтау бөлімі бастығының орынбасары.
«Білмегенімізді сұрап, қызметте кездесетін сұрақтарға жауап іздеу кезінде қасымызда тәжірибелі тәлімгердің болғаны өте жақсы. Менің тәлімгерім өз білгенін үйретуден еш жалыққан емес», -деді жас қызметкер Төребай Бауыржан.
Қазіргі кезде мемлекетіміз үшін кәсібилік деңгейі жоғары мамандар дайындап шығару қандай өзекті мәселе болса, жас мамандарға қолдау көрсету дәл сондай көкейкесті мәселе болып табылады.
Тәлімгерліктің мақсаты — қамқорлыққа алынушы жас маманның атқарып отырған лауазымы бойынша білікті маман, дүниетанымы кең, жоғары адамгершілік қасиеттері бар адам ретінде қалыптасуын жеделдету.

Пікір жазу