Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ОТБАСЫМЕН ҚАУЫШТЫ

ОТБАСЫМЕН ҚАУЫШТЫ

Шымкент сақшылары бір сағат ішінде жоғалып кеткен қызды аман-есен тапты.
2021 жылдың 19 наурызында Шымкент қаласы Полиция департаменті “102” сымтетігіне жергілікті азаматша хабарласып, бір сағат бұрын жасөспірім қызының жоғалғанын айтып көмек сұраған. Анасы қызын өздері жан-жақты іздеп таппағаннан кейін полицейлердің көмегіне жүгінген.
Шымкент қаласы Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің 3 рота қызметкерлері полиция капитандары Рахимов Нурғали мен Жанбатыров Нурислам өздерінің бекітілген аумақтарында қызмет атқару барысында жедел іздестіру іс-шаралары жүргізілген.
Тәртіп сақшылары полиция инспекторлары сол маңдағы барлық көшелер мен аулаларды мұқият қарап шығып, өтіп бара жатқан тұрғындардан сұрастыру жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде жоғалған қыз аман-есен табылып, отбасымен қауышты.
Бейнетаспада көрсетілгендей жоғалған қыздың анасы “Бүгін 19 наурыз күні қызым үйден шығып кетті, “102”полиция қызметкерлеріне звандадым, маған қызымды дер кезінде тауып берді. 783 полиция экипаж ұжымына үлкен рахмет”-деп өзінің алғысын айтып, ризашылығын білдіруде.

Пікір жазу