Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » АРМАНЫ ОРЫНДАЛҒАН ҚЫЗ

АРМАНЫ ОРЫНДАЛҒАН ҚЫЗ

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері жыл он екі ай ішінде өтетін атаулы мерекелер қарсаңында балалар үйіне бас сұғып, балғындарды түрлі тарту-таралғы, сыйлықтармен қуантуды үрдіске айналдырған.
«Жетім көрсең жебей жүр» демекші, Наурыз мерекесі қарсаңында №4 балалар үйіне барған Қаратау аудандық полиция басқармасы мен Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері ондағы тәрбиеленушілерді мерекемен құттықтап қайтты. Ойыншықтар мен тәттілерді көрген балалар мәз-мейрам болып қалды.
№4 балалар үйінің директорының орынбасары Бектемисова Алия Құрманқалиқызы полицейлерге көңіл бөліп, көмек көрсеткені үшін алғыс айтты.
— Әрбір бала бақытты болуға лайықты. Біз полиция қызметкерлеріне өте ризамыз. Бүгін Наурыз мерекесі қарсаңында тәртіп сақшылары түрлі сыйлықтар тарту етіп, балаларды қуантты. Біздің тәрбиеленушілердің арасында полицияда қызмет еткісі келетіндер бар. Биыл біздің түлектер ҚР ІІМ академиясына түсуге дайындалуда,- деді. Сыйлықтар табыс етілген соң балалар полицейлерге алғыс айтып, ризашылығын білдірді. Тәрбиеленушілер арасында бес жасар екі бүлдіршін қыз көптен бері қуыршақ алуды армандап жүрген екен. Наурыз мерекесінде арманы орындалғанына қуанған бүлдіршіндер полицейлерге алғысын білдірді. Полицейдің қолынан арманындағы қуыршақты алған екі қыздың қуанышында шек жоқ еді. Сәбидің бәрі өмірде бақытты болу үшін жаралған. Өз кезегінде, балалардың жүзінде күлкі үйіруге себепкер болған тәртіп сақшыларына қызметте табыс, дендеріне саулық тілейміз!

Пікір жазу