Үшінші мегаполисте 5-20 наурыз аралығында қала әкімінің қолдауымен «Қазақиям – азат ұям» деген тақырыпта жыр мүшәйрасы өтті. Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы мен Қазақстан Жазушылар одағы Шымкент қалалық филиалымен бірлесе өткізген бұл шара «Рухани жаңғыру жобасы аясында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай ұйымдастырылды.
Жыр мүшәйрасын өткізудегі негізгі мақсат — қаламгерлердің руханияттың маңызды саласы – ұлттық әдебиетіміздің дамуына атсалысып, үлестерін қосуына ықпал ету. Сонымен бірге аймақ ақындарының еркін елдің жарқын көріністерін, кемел келешегін, олардың егемендігіміздің қуаты мен құндылықтарын жыр құдіретімен паш етуіне ынталылығын, шығармашылық белсенділігін арттыру, шеберлігін шыңдай түсу.
Мүшәйра іріктеу және қорытынды кезеңнен тұрды. Сонымен бірге проза және поэзия деп екі бағытта өтті. Үміткерлер тәуелсіздік немесе еркін тақырыпқа өлең-жыр не әңгіме ұсынуы тиіс болған. Жастарына шектеу қойылмаған.
Нәтижесінде төмендегілер жеңімпаз деп танылды. Оларға ақшалай сыйлықтар мен дипломдар табысталды.
Проза бағытында:
1-орын: жүлде қоры 8 үміткерге ынталандыру ретінде табысталды (500 000₸)
2-орын: Камила Тілепова «Жолайрық» әңгімесі (300 000₸)
3-орын: Захардин Қыстаубайұлы «Егіздің сыңары» драмасы (200 000₸)
Поэзия бағытында:
1-орын: Арайлым Мұраталиева (500 000₸)
2-орын: Әлімжан Әлішер (300 000₸)
3-орын: Ақбота Бейбітбек (200 000₸)
Ынталандыру сыйлықтары: (әрбіріне 100 мың теңгеден)
Бауыржан Ерман
Біржан Байтуов
Сезім Мергенбай