Сахнада өзіндік стилімен, сәтті образдарымен танылып үлгерген және астарлы әзілімен көпшіліктің құрметтісіне айналған мемлекеттік «Әзіл-сықақ және сатира» театрының әртісі Құлшынбаев Нұржан жайлы не білеміз?
Нұржан Қасымханұлы 1977 жылы 26 желтоқсанда Кентау қаласында дүниеге келген. Ол, Оңтүстік Қазақстан облыстық музыка колледжінде оқып, «Оркестр әртісі» мамандығын бойынша бітіріп шығып, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде білімін жетілдіріп, «Аспаптық орындау» мамандығын алған. Бүгінде алған білімі мен еткен еңбегінің жемісін көріп келеді.
Бүгінде кәсібилігінің арқасында 2008 жылдан бері «Әзіл-сықақ және сатира театрында» әртіс болып қызметін бүгінге дейін абыроймен атқарып келеді. Әзілкеш көпшілікке «Шаншар» театрының сахналық қойылымдарында түрлі образдармен танымал болған.
Нұржан Құлшынбаев сахнада Қ.Жүнісовтің «Ғашықтар хикаясы» комедиясында Деканның ролін, У.Абдраимовтың «Ұстазым менің» комедиясында – Ләтипаның, Д.Исабековтың «Бонапарттың үйленуі» комедиясында – Әбдәшім, Р.Куни «13 номер» комедиясында – музыканттың, Р.Отарбаевтың «Аяулым Анфиса» комедиясында – Евгений Матович сынды жүздеген рөлдерді сомдаған.
Нұржан Құлшынбаев бүгінде әзіл-сықақ және сатира театрының белді әртісі. Өзінің еңбекқор, ізденпаздығының арқасында халықтың алғысына бөленіп келеді.