2021 жылдың 23-30 наурыз аралығында Шымкент қаласының аумағында «Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық ісшарасы өткізілуде, деп жазады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі. Жедел профилактикалық ісшара барысында Шымкент қаласы Қаратау аудандық полиция басқармасы Ювеналдық полиция бөлімше қызметкерлері түнгі уақытта кәмелетке толмағандарға қатысты немесе олар тарапынан жасалатын құқықбұзушылықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында арнайы бағытқа бөлініп, Қаратау ауданындағы жастар көп шоғырланған орындарында және түнгі уақытта ойын — сауық орындарында мақсатты рейдтік ісшаралар жүргізілуде.
Ісшара аясында кәмелетке толмағандар тұратын қолайсыз отбасыларға, полиция органдарының есебінде тұрған кәмелетке толмағандарға бару және тұрғын — тұрмыстық жағдайларын тексеру жұмыстары қамтылуда.
Сонымен қатар, аудандық полиция басқармасы мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, құқықтық көмек пен кеңес бере отырып, тұрғындар арасында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық профилактикасы бойынша ішкі істер органдары қызметі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.