Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ ФАРАБИТАНУШЫ ҒАЛЫМДАР БАС ҚОСТЫ

ШЫМКЕНТТЕ ФАРАБИТАНУШЫ ҒАЛЫМДАР БАС ҚОСТЫ

Бүгін Шымкенттегі Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханада «Әл-Фараби мұрасы – өркениет қазынасы» тақырыбында халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.
Ұлы ғұлама Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған жиынды тарих ғылымдарының докторы, профессор, академик Саттар Мажитов жүргізсе, іс – шараны Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан ашып берді.
«Бүгінгі конференция республикалық көлемде өтіп жатыр. Шымкент қаласы Әл-Фараби мұрасын терең зерттеуге үлкен басымдық беріп отыр. «Отырар» кітапханасына Әл-Фарабидің атын беріп, болашақта «Фарабитанушы» кітапхана ету жоспарымызда бар. Себебі, ғұлама Шымкент пен Түркістанның арасында орналасқан — Отырарда білім іздеп, шығысқа барып ғылым шыңына шыққан. Сондықтан мұндай үлкен кітапханының Әл-Фарабидың атымен аталуы заңдылық, — деді Шыңғыс Мұқан.
Конференцияда Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми трактаттарының негізгі принциптері талқыланып, ғылыми жұмыстарын зерттеу бойынша ғылыми жұмыстардың бірыңғай дерекқорын құру және оның шығармаларын насихаттау сөз болды. Әбу Насыр әл-Фарабидің бай шығармашылық және ғылыми мұрасына халықтың және жұртшылықтың назарын аудару, ғылыми мұрасын зерттеу, ғалымның ғылыми материалдары бойынша бірыңғай деректер базасын құру мәселесі айтылды.
Аталған іс-шараға философия ғылымдарының докторы, профессор Әбсаттар Дербісәлі, белгілі ғалым, философия ғылымдарының докторы, профессор Ғарифолла Есім және еліміздің зиялы қауым өкілдері Мархабат Байғұт, Саттар Мажитов, Үмітхан Мұңалбаева, Баршагүл Қашқанқызы мен Абдулла Жұмашев қатысуда. Сонымен қатар, Францияның еңбек сіңірген профессоры Альберт Фишлер мен АҚШ-тың Огайо университетінің профессоры Джеймс Патрик онлайн қосылып, ағартушы ғалымды ұмытпай, еңбектерін өскелең ұрпаққа танытып жатқандары үшін Қазақ еліне алғысын білдірді.

Пікір жазу