Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТ: ТҰРҒЫН ҮЙ БАСҚАРМАСЫНДА ЖАҢА БАСШЫ

ШЫМКЕНТ: ТҰРҒЫН ҮЙ БАСҚАРМАСЫНДА ЖАҢА БАСШЫ

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы болып Азамат Рысжанов тағайындалды. Қала әкімі аппаратының басшысы Ғ.Мәуленқұлов басқарма басшысын ұжымға таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Азамат Жақыпбекұлы 1988 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі — жоғары, құқық магистрі. Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде және АҚШ-тағы Пенсильвания университетінде оқыған.
Алғашқы еңбек жолы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіндегі басқармаларда сарапшы болудан басталған. Кейіннен бас сарапшысы, басқарма басшысы, директор орынбасары, министрдің кеңесшісі, Шымкент қаласы бойынша Әділет департаменті басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің консультанты, бас сарапшысы болған.
2020 жылдан бүгінге дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті төрағасының орынбасары лауазымында қызмет етіп келген.

Пікір жазу