Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТЫНЫШ ӨМІРІНІҢ КЕПІЛІ

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТЫНЫШ ӨМІРІНІҢ КЕПІЛІ

Учаскелік полиция инспекторы тұрғындардың тыныш өмірінің кепілі.
Қымбатты оқырман бүгін сіздерді Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Алимбаев Мақсатбек Еркінбекұлымен таныстырмақпыз. Полиция капитаны Ішкі істер саласында 2016 жылдан бастап қызмет атқарып келеді.
2008-2012 жылы Шымкент қаласы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де заңгер мамандығын тәмамдаған. 2012-2013 жылдар аралығында әскери борышын Алматы қаласы Республикалық Ұлттық ұлан әскери бөлімшесінде өтеп, 2015-2018 жылы Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай елдімекеніде учаскелік полиция инспекторы болып қызмет атқарған. Ал 2018 жылдан бастап Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі учаскелік полиция инспекторы лауазымында еңбек етіп келеді.
Әкімшілік аумақ бойынша құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында тұрғындар полицияға жылдам хабар беріп, қылмыспен күресуге ат салысуы аса маңызды. Осы орайда №26 учаскелік полиция пунктінің инспекторы Мақсатбек Еркінбекұлы ұдайы халықпен кері байланысты арттырып келеді.
«Мемлекет басшысы Жолдауында учаскелік инспекторлардың беделі мен мәртебесін көтеру жөнінде айтты. Бұл учаскелік полицейлердің жауапкершілігін артыратыны сөзсіз. Сондықтан ұдайы «Халыққа жақын полиция» қағидасы бойынша жедел әрі сапалы қызмет атқаруғы әрекет етеміз» дейді полиция капитаны.
Учаскелік полиция инспекторы алдағы уақыта да халыққа адал еңбек етіп, қалтқысыз қызмет көрсетуді жалғастыра бермек.

Пікір жазу