Биыл Чернобыль атом электростанциясындағы ядролық апаттың орын алғанына 35 жыл толып отыр. Осыған орай Шымкент қаласындағы Әбдірахман мешітінде радияциялық апаттың зардабын жоюға қатысқан ардагерлерді еске алу шарасы ұйымдастырылды, деп жазады «Оңтүстік» арнасына сілтеме жасаған «didarbek.kz».
1986 жылы орын алған дүние жүзіндегі ең ірі радияциялық апаттың зардабын жоюға Кеңес Одағы бойынша 800 мыңдай адам қатысса, соның 32 мыңы қазақстандық азаматтар еді. Украин халқының басына күн туғанда қасынан табылды. Айта кету керек жарылыс салдарынан мыңдаған адам опат болды. Радиактивтің зияндылығы оннан астам мемлекеттің 200 мың шаршы метрін шарпыды. Бес миллионнан астам адам зардап шекті.
Бүгінде Шымкент қаласы боиынша 180 чернобыль ардагерлері бар. Еске алу шарасына қырыққа жуық ардагерлер қатысты. Жиналғандар өз өмірі мен денсаулықтарын қатерге тігіп азаматтық борыштарын орындаған ардагерлерге құрмет көрсетті. Апат зардабынан қайтыс болғандардың рухына бағышталып құран оқылды.
Жиын барысында өздеріне жүктелген міндетті абыроймен өтеп шыққан азаматтарды еске алды. Чернобыльдегі апатқа қатысушылардың ерлігі қашанда ұмытылмайтынын айтты. Шара соңында ардагерлерге азық-түлік табыс етілді.