Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ЖҮЗ ЖАҢА ЕСІМ: ҒАНИ ҚАРАБЕКОВ

ЖҮЗ ЖАҢА ЕСІМ: ҒАНИ ҚАРАБЕКОВ

1968 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы Темірлан ауылында дүниеге келген. Үйленген, үш баланы тәрбиелеуде. Екі жоғары білімі бар: Тимирязев К.А. атындағы Мәскеу ауылшаруашылық академиясында «Ғалым агроном» мамандығына оқыса, Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінде «Заңгер» мамандығына оқыған.

Қарабеков Ғани көпбалалы отбасында дүниеге келген, 11 баланың 9-сы.

Қарабеков Ғанидың еңбек жолы 12 жасында Қ.Мұңайтпасов атындағы №2 х/с бөлімінде тракторшы ретінде бастады. Төзімділігі, еңбекқорлығы және еңбек саласындағы үлкен жетістіктері үшін Шымкент облысының Бүгін аудандық комитетінің 1 хатшысымен Қырымның оңтүстік жағалауында Гурзуф ауылында орналасқан «Артек» халықаралық балалар орталығына тегін жолдама түріндегі сыйлыққа ие болды. ЖОО-нын аяқтап, Отан алдындағы әскери борышын өтеп келген соң 11 жылдай мамандығы бойынша жұмыс істеді, нақтырақ айтқанда «Талап» шаруа қожалығының аграномы және ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің Оңтүстік Қзақстан облысы аумақтық басқармасының өсімдіктерді қорғау және карантиндік инспекциясында қатардағы инспектордан бөлім бастығына дейінгі қызметте.

Одан әрі Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігінде әкімшілік және шаруашылық мәселелер бойынша референт ретінде 1 жылдан астам уақыт аралығында қызметін жалғастырды.

2007-2013 жылдар аралығында келесідей компанияларда: ««Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік компаниясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Оңтүстік» Қаржы компаниясы АҚ, «Аэропорт Шымкент» АҚ, ЖШС «Құрылыс технологиялары», ЖШС «Югнефтеоргсинтез», ЖШС «Жаңа Ақдала», Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының басшылық лауазымындағы кафедра меңгерушісінен бастап компанияның бірінші басшысына дейінгі қызметті атқарды.

Қазіргі таңда Қарабеков Ғани «Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіподақтар орталығы» Кәспіодақтар аймақтық бірлестігін басқаруда. Қарабеков Ғани Ажединұлының мінездемесінен көшбасшалық қасиеттер, жайдарылық және жанжалды жағдайларды шешу  сияқты белгілерді байқауға болады.

Осылайша, ерте кездерден-ақ РСФСР оқу орнының студенті бола отырып, Мәскеудегі қазақ қоғамының төрағасы болды. Мұнымен тоқтап қалмай, жас Ғани қоғамды басқара отырып, КСРО ыдырағаннан кейін және Қазақстандағы қаржы дағдарысы кезеңінде Мәскеудегі студенттерді жұмысқа орналастыру жөніндегі шағын топтарды, түлектерді Қазақстан Республикасына қайтару жөніндегі бастама топтарды ұйымдастырды. Естеріңізде болса, сол жылдары көптеген қазақстандықтар жоғары білім алғаннан кейін Ресей Федерациясында жұмысқа тұрып жатты, алайда қазақстан да білікті кадрлардың жетіспеушілігін сезінген болатын.

Студенттік жылдары Қарабеков Ғани Ресей Федерациясы аумағында оқитын студенттер үшін бірнеше рет Қазақстан эстрадасының әнші және әртістерін шақыртып, «Наурыз мейрамы» мерекелік іс-шараларын ұйымдастырды. Студенттік жылдарындағы Невада-Семей Антиядролық қозғалысының студенттер арасындағы белсенді қатысушылары мен ұйымдастырушыларының бірі.

Одан бөлек, Қазақ КСР Бірінші хатшысы Н.Назарбаевпен студенттік кездесулерді ұйымдастыру бойынша бастама топтардың ұйымдастырушысы болды, табысты сайлаудан кейін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен кездесулер ұйымдастыру жөніндегі бастамашы топтарды басқарды. Қазақстан Республикасының Президентінің алғашқы сайлауының белсенді қатысушысы.

Қарабеков Ғани  Польша Республикасындағы кеңес Армиясы қатарында қызмет еткен жылдары сержант және парашюттық спорт нұсқаушысы бола отырып, әріптестері үшін пайдаланылмайтын нысандардан спорт залы мен бильярд клубын ұйымдастырып, өзін көшбасшы жағынан көрсетті.

Өсімдіктер карантині инспекциясы мен Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігіндегі мемлекеттік қызмет жылдары ішінде зиянды жәндіктермен күресудің жаңа әдістерін, Қазақстан Республикасына кіретін тауарларды тексерудің тиімді әдістерін енгізіп, инспекция қызметкерлеріне арналған киім-кешектерді енгізуде белсенді қатысып, өзін көрсетті. Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігіндегі қызметінің қысқа уақыт аралығында ол Өзбекстанның Навои облысы Нұр Ата ауылында орналасқан Әйтеке би мазарын іздестіру топтарының және Әйтеке би қорымында кесенесін орнатудағы ұйымдастырушылардың бірі болды.

Осылайша, Қарабеков Ғани Қазақстанның тәуелсіздігі қабылданып, қалыптасуы кезеңінде өзінің еліне, қазақстандықтарға деген үлкен сүйіспеншілігін, патриоттығын дәлелдеді.

««Оңтүстік» ӘКК» АҚ қызметі кезінде кәсіподақ ұйымын құру бастамашысы, сонымен қатар, ««Оңтүстік» ӘКК» АҚ индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бастығы болды. Кәсіподақ комитетіне төрағалық еткен жылдары жұмыс берушіден қызметкерлерге ай сайынға төленетін жалақыдан бөлек жалақы қорынан 3% қосымша төлеуіне қол жеткізді.

11 филиалдық кәсіпқой кәсіподақты қамтитын Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіподаққа төрағалық еткен қысқа мерзімде кәсіподақ органдарының мүшелігін  20 мың адамға ұлғайтты. Қазіргі таңда жоғарыда аталып өткен кәсіподақ органдарын 225 мыңнан астам мүше біріктіріп отыр.

Қарабеков Ғанидің төрағалық кезеңінде облыс прокуратурасының қолдауымен ең алғаш Оңтүстік Қазақстан облысының аудандық орталықтарында азаматтардың қоғамдық қабылдаулары ұйымдастырылды.

Қарабеков Ғани Кәсіподақтың кедей және мұқтаж жандарға арналған әлеуметтік орталығының идеясын жүзеге асырды.

Облыстың автокөліктеріне арналған тұрақ ұйымдастырылды, облыстың салалық кәсіподақтарының сәйкестендіру белгілері орнатылды, «Қаланы көгалдандыру бойынша эстафета» іс-шарасы ұйымдастырылды, жыл сайын «Кәсіподақ күнін» тойлау жүйесі енгізілді.

Егер 2016  жылы Оңтүстік Қазақстан филормониясында кәсіподақтың 300 мүшесін шақыртумен мерекелік іс-шара өткізілсе, 2017 жылы іс-шараға 50ден астам адам шақырылды.

Осылайша, Қарабеков Ғани Ажединұлы өзінің шаруақор екендігін ғана емес, кәсіподақтың бар екенін және маңыздылығын көрсете алды.

Шымкент

Пікір жазу