«Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық және Шымкент қалалық филиалдарының бірлескен мәжілісі өтті. Мәжіліске «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Светлана Иманқұлова, «Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев, «Түркістан облысы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі, салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Бастарбек Примбетов, сондай-ақ, Шымкент қалалық филиалының төрағасы Руслан Шеримов, облыстық және қалалық бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты.
Күн тәртібінде «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің 2020 жылы атқарылған жұмыстары баяндалып, бастауыш кәсіподақ ұйымдарын ашу және оған мүшелікке тарту жұмыстары бойынша мәлімдеме жасалды. Сондай-ақ, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен салалық кәсіподақ арасында келісім жасалғаны жөнінде айтылды. Айта кетейік, ҚР Үкіметі мен ҚР Кәсіподақтар арасында да келісім жасалған болатын.
Мәжіліс соңында кәсіподақ төрайымы Светлана Кеңесқызы Иманқұлова кәсіподақ өкілдерінің жетістіктеріне баға беріп, жиналғандарды Наурыз мерекесімен құттықтап, мәдениет саласының үздік мамандары мен ұзақ жыл еңбек еткен ардагерлерін марапаттады. Атап айтсақ, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының әртісі Сәуле Жарасбаева және Жетісай Қазақ музыкалық драма театры директорының орынбасары Пірімбай Жанаев, ал, «Еңбек даңқы» төсбелгісімен Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның директоры Нұрсат Бейсеқожаев марапатталды. Сонымен қатар, Түлкібас ауданы, Шақпақ Баба мәдениет үйінің Арша квартетінің мүшелері және қалалық Опера және балет театрының белгілі әртістері және Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның бірқатар қызметкерлеріне «Құрмет грамоталары» табысталды.
© Didarbek.kz