Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА ҚАБЫЛДАУ КОНКУРСЫ ӨТЕДІ

МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА ҚАБЫЛДАУ КОНКУРСЫ ӨТЕДІ

Шымкентте мамандандырылған білім беру ұйымдарына қабылдау конкурсы 1-20 маусымда өтеді, деп жазады қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі.
Шымкент қаласында 1-30 наурыз аралығында мамандандырылған білім беру ұйымдарына қабылдау туралы талапкерлердің (5,7,8,9,10,11 сыныптарға) өтініштері қабылданды.
Мұндай білім беру ұйымдарына қаладағы бірқатар білім ордалары, атап айтқанда мамандандырылған дарынды балаларға арналған №1 ІТ лицей –интернат, Дарынды балаларға арналған №2 үш тілде оқытатын мектеп — интернат, «М.Х.Дулати» атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған №8 мектеп – гимназия, «Білім – инновация лицейі» №1 Ер балалар интернаты, «Білім – инновация лицейі» №2 Қыз балалар интернаты, Дарынды балаларға арналған мамандандырылған №90 мектеп — гимназиясы кіреді.
Мамандандырылған білім беру ұйымдарына қабылдауға өтініштер арнайы  www.qabyldau.daryn.kz электронды порталында тіркеліп, құжаттарды қабылдау жұмыстары жүргізілуде.
15 сәуірде порталға аталған білім ордаларындағы конкурстың іріктеу кестесі ілінеді. 1-20 маусым аралығында конкурстық іріктеу барлық санитарлық талаптарға сай оффлайн режимінде (тестілеу) өтетін болады.

Пікір жазу