Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ЖЫЛЫНА 5000 ТҰРҒЫНҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТЕДІ

ЖЫЛЫНА 5000 ТҰРҒЫНҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТЕДІ

Әлемдегі ең маңызды да мерейлі мамандықтардың бірі — дәрігер. Ақ халатты абзал жан деген теңеу де осының айғағы. Сырқаттанып, ауырғанда да жаныңыздан табылатын – осы мейірбан адамдар. Шымкенттегі №11 қалалық емхана дәрігері Кульбаева Назипа Биляловна саналы ғұмырын медицина саласына арнады.
Дәрігер ауру ағзаның ғана емес, адам жанының емшісі. Осы ұстанымды ұстанатын Кульбаева Назипа дәрігерді білмейтін шымкенттіктер кемде кем. Ол әр науқасқа кешенді кеңес бере отырып, оған өз жақыны ретінде қарайды. Ал мейірім – кәсіби дәрігердің басты құралы. Жалпы тәжірибелі дәрігер жылына 5000 аймақ тұрғындарына медициналық көмек көрсетеді.
Назипа дәрігердің 25 жылдан бері медицина саласында еселі еңбек етіп келе жатқан қызметі елеусіз қалған жоқ. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, облыстық, қалалық денсаулық сақтау басқармасының, кәсіподақ ұйымының алғыс хаттарымен марапатталған.
Бүгінгі таңда ЖТД дәрігер талай жанның өміріне араша түсіп, ерлікке пара-пар қызмет атқарып келеді.

Пікір жазу