Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕСТЕ АУЫЗБІРШІЛІК ПЕН БАЙСАЛДЫЛЫҚ ҚАЖЕТ

КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕСТЕ АУЫЗБІРШІЛІК ПЕН БАЙСАЛДЫЛЫҚ ҚАЖЕТ

Аурудан сақтану жайында халық арасында санитарлық — ағарту жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Соған қарамастан, тұрғындар арасында сақтық шаралары әлі де өз деңгейінде болмай тұр.
Індеттің бірінші кезеңінде тұрғындардың санитарлық талаптарды дұрыс сақтамауынан, яғни қарапайым қағидаларды ұстанбауынан қиындықтарға кезіктік. Соның салдарынан індет өршіп, оны ауыздықтау оңай болмады.
Бүгінге дейін әлем бұл вирустың тек сақтық шаралары арқылы ғана алдын алатынын түсінді. Халыққа «бетперде ки, антисептик пайдалан» деп дабыл қағуымыз да бекер емес. Сондықтан босаңсымай сақтық шараларын естен шығармауымыз керек.
«Көпшілік біріксе, алынбайтын қамал жоқ».
Осы күресте де ауызбіршілік пен байсалдылық танытып, тәртіп бұзушылықтарды болдырмау үшін бір — бірімізге кеңесші, түсіне алмай жүргендерге жөн сілтеуші болайық. Дәл қазіргі сәтте қала тұрғындары жауапкершілік жүгін терең сезінуі тиіс.
Түктібай Ералқасын Жақаншаұлы,
Шымкент қаласы санитариялық — эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

Пікір жазу