Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ҮНДЕУ

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ҮНДЕУ

Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесіне қарасты №16 кітапхана бөлімшесінде «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты дөңгелек үстел өтті. Шараның негізгі мақсаты – көпшілік оқырмандармен, зиялы қауым өкілдерімен бірлесіп, қоғамдағы парасаттылық идеологиясын ілгерілету, адалдық, қамқорлық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға үндеу. Басқосуды кітапхана меңгерушісі Зәуре Шымырбаева ашып, жүргізіп отырды. Ол өз сөзінде жақында жүйеге қарасты Абай атындағы орталық кітапханада «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» орталығы, бірнеше кітапхана бөлімшелерінде кітап көрмелері мен бұрыштар ашылғаны туралы айтып өтті.
Адалдық аясында ұйымдастырылған жиынға кітапхананың тұрақты оқырмандары Жәмила Әбдиева, №41мектеп лицейдің мұғалімі Фатима Диханбаева, №65 мектеп гимназия мұғалімі Салтанат Жұмановалар қатысып, күн тәртібінде қаралған тақырып аясында қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, онымен күресу, адам бойында парасаттылықты, адами қасиеттерді қалыптастыру бағытында ой-пікірлерін ортаға салды. №16 кітапхана бөлімшесінің кітапханашысы Нұрила Кенжебек кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасап, парасаттың бәрі кітапта, сондықтан да кітаппен дос болып, жастарды көбірек оқуға жұмылдыруымыз керек – деп қорытындылады.

Пікір жазу