Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Құқық » Сыбайлас жемқорлық – індет

Сыбайлас жемқорлық – індет

Сыбайлас жемқорлық баршаны толғандырады. Жылдан-жылға дамып келе жатқан бұл «аурудың» қанат жаюына жол бермеу керек. Оған ешкімге де немкетті қарауға болмайды. Оның түбінде жақсылыққа апарып соқтырмайтынын әркім түсінуге тиіс. Сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты бағыты – оның алдын алу, яғни, оның себептері мен шарттарына ықпал жасау болуы керектігін ескерген жөн.

Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін, ең қауіпті түрі – парақорлық. Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түп-тамырын жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Яғни пара беру де, пара алу да пайдалы болмайтындай, үлкен қылмыс ретінде саналатындай жағдай, қоғамдық сана қалыптасуы қажет.

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті сұрақтардың бірі болып табылады. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі.  Бұл кесел дамыған басқа елдердей біздің жас мемлекетімізге де айтарлықтай өз зардабын келтіруде. Осы орайда бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бұл қоғам дертімен  бірлесіп күресуіміз қажет. Ал, ол үшін әрбір Қазақстан Республикасының азаматы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге міндетті.

 

Ж.ЖАТЕНОВА,

Шымкент қаласы, Абай ауданы бойынша МКБ-ның бас маманы.

Пікір жазу