Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » Заңды біле жүріңіз…

Заңды біле жүріңіз…

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының негізгі принциптері – сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтардың зардаптарын жою туралы болды.

ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы азаматтардың  құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық  бұзушылықтың  алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік  органдардың, мемлекеттік міндеттерді атқаратын лауазымды адамдардың тиімді қызметін  қамтамасыз етуге  бағытталған.

Мемлекеттік міндеттерді атқаруға не осындай міндеттерді атқаруға уәкілдік берілген органдар мен ұйымдарда мемлекеттік лауазым атқаруға  үміткер адамдар өздерінің мәртебесін және соған негізделген беделін жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерді пайдалануға әкеп соғуы мүмкін іс-әрекеттерге жол бермеу мақсатында осы Заңмен және өзге де заңдармен белгіленген шектеулерді қабылдайды.

Аталған адамдардың шектеулерді қабылдауға келісімін жазбаша түрде, тиісті ұйымдардың кадр қызметі белгілейді. Шектеулерді қабылдамау ол адамды мемлекеттік, не соларға теңестірілген міндеттерді атқаруға шақырудан бас тартуға не жұмысынан босатуға, немесе заңдарда көзделген тәртіппен аталған міндеттерді атқарудан өзгедей босатуға әкеп соғады.

 

Д.РИСАЛИЕВ,

Шымкент қаласы, Абай ауданы бойынша МКБ-сы

бас маманы.

 

Пікір жазу