Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » Жырлайды дала Жамбылды

Жырлайды дала Жамбылды

Ақын, жырау  Жамбыл Жабаев туылғанына 175 жыл толуына орай Шымкент қаласы ОКЖ №11 кітапхана бөлімшесінің ұйымдастыруымен «Жырлайды дала Жамбылды» таырып кеші өткізілді.

Шараның мақсаты — Жамбыл Жабаевтың өмірі мен жазған шығармаларын оқырмандарға таныстырып, жастарды кітап оқуға баулу.

№11 Кітапхана бөлімшесінің меңгерушісі Баймұханбетова Айжан оқырмандарға қазақ халқының кемеңгер тұлғасы, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың  биыл 175 жасқа толған өмірбаянымен таныстырды. Жамбыл Жабаев 1846 жылы Жамбыл облысы, Мойынқұмны маң даласындағы Жамбыл тауының бөктерінде боранды ақпан айында  дүниеге келіп, кейін әлгі тауды да, бүкіл қазақ халқын да өзін де әлемге танытты. Жамбылдың  ақындық дарыны жас кезінен-ақ  танылды. Жаны сергек , санасы өрелі Жамбыл өзінің «Шағым», «Жылқышы», «Шәбденге», «Сәт сайланарда», «Өстепкеде», «Зілді бұйрық» және көптеген өлеңдерінде елдің әлеуметтік саяси өмірін ақындық шыншылдықпен азаматтық  жауапкешілікпен  бедерлейді. Оның әрбір жыр шумағы  ұранға айналған.   Кітапхананың тұрақты оқырмандары  Бейсебаев Жақсылық , Шамшыбеков Жанайбек,  Жамбыл туралы бала кезінен айтысқа, өлеңге, домбыраға құмар болғанын, соғыс жылдарындағы өлеңі ұран болып, жеңістің бітуіне үлес қосқанын,  жастарға тәрбиелік мәні бар өсиеттер айтты.

Ұлы Отан соғысы кезінде «Ленинградтық өренім» атты өлеңін кітапхана қызметкері Дәулетова Салима оқыды.  Жүз жасаған Жамбыл артына мол мұра қалдырды.  Жыр алыбы Жамбыл Жабаев туралы  оқырмандар  толық мағлұмат алды.

 

 

Пікір жазу