Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТТІК АРУ СҰЛУЛАР БАЙҚАУЫНДА ТОП ЖАРДЫ

ШЫМКЕНТТІК АРУ СҰЛУЛАР БАЙҚАУЫНДА ТОП ЖАРДЫ

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «Шымкент аграрлық — техникалық колледжінің» студенті колледж қыздары арасында өткен республикалық байқаудан жүлделі бірінші орынды алды, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық аенттігі.
Жуырда Ақтөбе облысы жастар мен балалар ұйымдары қауымдастығының ұйымдастыруымен республикалық «Колледж Аруы–2021» атты конкурс өткізілген болатын. Оған еліміздегі барлық колледждің ару қыздары қатысып, бес бағыт бойынша бақтарын сынаған болатын.
Байқау «Мен қазақтын қызымын» өзін — өзі таныстыру, «Менің өнерім» ән орындау, «Менің қол өнерім» өнерін көрсету, «Таңғажайып киім» сәндік киім, «Соңғы шарты» инстаграм желісі парақшасында дауыс жинау шарттары бойынша ұйымдастырылды.
Сұлулар сайысына Шымкент қаласындағы колледждер арасында іріктеліп шыққан «Шымкент аграрлық-техникалық колледжінің» екінші курс студенті Нышанбаева Сымбат Қайратқызы қатысты. «Арнайы тігінші» мамандығының шәкірті Сымбат Нышанбаева барлық сынақтан сүрінбей өтіп, арнайы «Грамота» және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Пікір жазу