Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ЖЫЛЫНА 450-ГЕ ЖУЫҚ НАУҚАСТЫ ЕМДЕЙТІН БІЛІКТІ МАМАН

ЖЫЛЫНА 450-ГЕ ЖУЫҚ НАУҚАСТЫ ЕМДЕЙТІН БІЛІКТІ МАМАН

Шымкент қаласындағы Т.Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығында еңбек ететін хирург — дәрігер Мұхит Досыбаев күйік шалған ауыр жағдайдағы мыңдаған науқасты өлімнен аман алып қалған білікті маман. Жоғары санатты дәрігер Мұхит Бастарбекұлының медицина саласында 25 жылдық тәжірибесі бар.
Мұхит Досыбаев 1995 жылдан бері хирург болып жұмыс істейді. Білікті маман жылына термиялық және химиялық күйік пен үсік шалған 450-ге жуық пациентті ауруынан емдеп жазады. Жоғары санатты хирург күйіктің салдарынан пайда болатын тыртықтарды, жарақаттарды қалпына келтіру үшін пластикалық әдістер бойынша операцияларды жақсы меңгерген дәрігер. Бұған қоса медицина маманы түрлі жарақаттан кейінгі тері ақауларын, трофикалық жараларды хирургиялық жолмен емдейді.
Тағы айта кетерлігі, елімізде күйік шалған науқастарды емдейтін комбустиолог дәрігерлері саусақпен санарлық. Сол себептен де Мұхит Бастарбекұлын көрші облыстардан, тіпті шетелден науқастар іздеп келеді.
Қазіргі таңда Шымкент қаласындағы Т.Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталында еңбек ететін дәрігер ересектермен қатар балаларға да медициналық көмек көрсетеді. Халықтың саулығы үшін еңбек етіп жүрген абзал жан тұрғындардың алғысына бөленген.

Пікір жазу