Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ ЭПИД АХУАЛ ӘЛІ КҮРДЕЛЕНІП ТҰР

ШЫМКЕНТТЕ ЭПИД АХУАЛ ӘЛІ КҮРДЕЛЕНІП ТҰР

Шымкент қаласы аумағындағы санитарлық — эпидемиологиялық жағдай әлі күрделеніп тұр. Өткен тәулікте, яғни 7 сәуір күні коронавирустық инфекцияның 81 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 51 белгілері бар, 30-ның белгілері жоқ. Вирус жұқтырған 24 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 57 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1380 орын бар. Төсек орын толымдығы 28 пайызды құрайды, 992 төсек орын бос.
Бүгінгі таңда инфекциялық стационарда 388 науқас емделуде.
Жүргізілген зертханалық зерттеулер (ПТР) – 324 871, тәулігіне 2595.
Қала аумағында санитарлық — эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 22 мобильдік топ өткен күні 414 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде 16 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Мамандар қала тұрғындарына сақтық шараларына салғырт қарамай, адамдар көп шоғырланатын орындардан аулақ болуын, қоғамдық көліктерде, дүкендер мен қоғамдық тағамдану орындарында бетперде киіп жүруге шақырады. Вирусты инфекцияға шалдыққан адамдардың санының одан әрі артуы немесе артпауы сіз бен бізге байланысты. Қарапайым карантин талаптарын сақтай отырып, өз өміріңді және жақыныңның өмірін сақтай аласың.

Пікір жазу