Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » БАУЫРЖАН ІЛІМШЕҰЛЫ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ СҰХБАТ БЕРДІ

БАУЫРЖАН ІЛІМШЕҰЛЫ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ СҰХБАТ БЕРДІ

Возможно, это изображение (один или несколько человек, люди сидят, люди стоят и текст «ANTIKOR»)

«Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев «ANTIKOR-LIVE» бағдарламасында «Мекеме қызметі мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстар туралы» тақырыбы бойынша тікелей эфирде сұхбат берді. Бауыржан Ілімшеұлы алдымен, кәсіподақ жұмысындағы негізгі мәселе еңбек адамының құқын қорғау екенін, кәсіподақтар жұмыс орнындағы еңбек заңдылықтары мен қауіпсіздіктің сақталуын, өзекті мәселелердің оң бағытта шешілуін қамтамасыз етумен қатар басқа да еңбекке қатысты түйткілді жағдайларды басты назарда ұстайтынын жеткізді. Бүгінгі таңда жұмысшылардың әлеуметтік мәселелері толықтай шешімін тапқан деуге болады. Айлық жалақылары сәйкесінше төленіп, өндірістегі жағдайлары тиісті мамандар арқылы жедел түрде шешіледі. Бір де бір арыз қараусыз қалмайды.
«Көбінесе кәсіподақ десе тек жарна алады дейді. Жарна жинау кәсіподақ жұмысының бір бағыты ғана. Негізгі емес. Ол өкінішке орай санамызға толық жетпей жатыр. Еңбек ұжымдарындағы ауызбіршілікті қамтамасыз етіп, жұмыс берушімен еңбек нарығы қатынастарында қарапайым азаматтардың мүддесін білдіру – кәсіподақтардың негізгі мақсаты», – деді Бауыржан Ілімшеұлы.
Возможно, это изображение (2 человека, люди сидят, в помещении и текст «call-center 1424 call-center 1424 A ANTIKOR»)
Шымкентте Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясының құрамына кіретін 8 қалалық салалық филиалдар мен 3 жергілікті кәсіподақтар бірлестіктер жұмыс жасайды.
Сондай-ақ, Бауыржан Ілімшеұлы Қолданыстағы Еңбек кодексінде көптеген еңбек қатынастары жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өзара келісу және ымыраға келу арқылы шешілуі қарастырылғанын және бұл келісім мекеменің ұжымдық шарттарында белгіленетінін мәлімдеді.
Жалпы ұжымдық шарттарда жұмыскерлердің мүдделері мен құқықтары, жұмыс берушінің міндеттері айқындалады.
Кәсіподақ төрағасы қала аумағында құрылған Үшжақты комиссия бойынша ақпарат берді. Бауыржан Ілімшеұлының мәлімдеуінше, Үшжақты келісім өте тиімді институт. Бір жағы мемлекеттік орган – әкімшілік, екінші кәсіподақ, үшінші Жұмыс берішушілер конфедерациясы. Шымкент қаласының Үш жақты комиссия отырысында еңбек қатынастары, оның ішінде еңбек, ұжымдық шарт жасасу бойынша, өндірістік жазатайым оқиғалар және жалақы қарыздары орын алған кәсіпорындар, мекемелер басшыларының және қызметкерлерінің қатысуымен қарап, олардың жауапкершігін арттыру жұмыстары және алдын алу шаралары тұрақты негізде күн тәртібіне сәйкес жоспарлы жүргізіліп, нәтижелі жұмыстарға қол жеткізіліп келеді. Мәселен өткен жылы үшжақты комиссияның 4 отырысы болса, осы жылы 3 отырысы өтті. Қазіргі таңда көшпелі отырыстарды да өткізу қолға алынған. Яғни, жұмыс орнына барып, жұмысшылармен бетпе-бет жүздесіп, мәселелерін тыңдап, сол мәселелер төңірегінде тыңғылықты жұмыстар атқарылады.
Сонымен қатар, Бауыржан Ілімшеұлы Қазақстан Республикасы Жоғары соты мен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы арасында өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылып, аталған меморандум аясында еліміздің барлық кәсіподақтар орталықтары жанында «Татуластыру орталығы» жұмыс жасап жатқанын айтты. Жалпы татуластыру орталығының негізгі мақсаты – кінәліні анықтау емес, тараптарды татуластыру болып табылады. «Татуластыру орталығында» 2020 жылдың 12 айында жалпы 489 адамға көмек көрсетілген. Оның ішінде: Медиациялық процеспен дауларын шешуге келген азаматтар саны – 317, оның 254-і бітімгершілікпен сәтті аяқталды.
Возможно, это изображение (1 человек и текст)
Осынау індет жайлаған заманда Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының бұзылуы салдарынан Мақтаарал ауданына су тасыған кезде де кәсіподақтар шетте қалмады. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы мен Өзбекстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы Мақтаарал ауданына бірлесе 66 миллион теңгенің қайырымдылық көмегін көрсетті.
Былтыр пандемия кезінде Кәсіподақтар орталығының ұйымдастыруымен қор жасақталып, оған салалық кәсіподақтар тарапынан қолдау көрсетіліп, ол қорға 1 миллион 150 мың теңге қаржы жинақталды. Ол қаржыға әлеуметтік аз қамтылған 100 (жүз) отбасына арнап азық-түлік себептері алынды. Шымкент қаласында 50 отбасы, Түркістан облысында 50 отбасыға азық-түлік жеткізілді. Бұдан бөлек, Шымкент қаласының тұрғындарына 2000 бетперде тегін таратылып, Түркістан облысына 1000 бетперде жөнелтілді.
Мұнымен қатар, «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Шымкент филиалымен бірлесе «Біз біргеміз!» акциясы аясында қиын шақта күндіз-түні еңбек етіп жатқан 12 блок-посттың 160 медицина қызметкеріне ас-ауқат үлестіріп берді.
© Didarbek.kz

Пікір жазу