Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ 40 МЕКТЕП ЖЕКЕ ИНВЕСТОР ЕСЕБІНЕН САЛЫНАДЫ

ШЫМКЕНТТЕ 40 МЕКТЕП ЖЕКЕ ИНВЕСТОР ЕСЕБІНЕН САЛЫНАДЫ

Шымкентте 2025 жылға дейін 40 мектеп жеке инвестор есебінен салынады. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов инвестор есебінен салынып жатқан жекеменшік мектептердің құрылысымен танысты.
Әкім аралау барысында дендросаябақ жанында салынып жатқан 450 орындық мектепті және Арғынбеков көшесіндегі 1000 балаға шақталған жекеменшік білім ордасын көрді. Онда әкім аталған жекеменшік мектептерге білім басқармасымен бірлесе отырып білікті ұстаздар ұжымын жасақтауды қазірден бастап қолға алу қажеттігін айтты.
Жүргізіліп жатқан әрбір құрылыстың сапалы атқарылуы адам өмірінің қауіпсіздігімен байланысты екенін айтқан қала басшысы бұл бағыттағы жұмыстарды бақылау қашан да назардан түспеу керектігін ескертті. Сонымен қатар, әкім білім саласының инфрақұрылымын шешу мақсатында өткен жылы 5 жылдық жоспар жасалынғанын, ол бойынша 2025 жылға дейін Шымкентте 85 мектеп ашылатынын жеткізді.
Шаһар басшысының айтуынша, бес жылда салынатын мектептердің 33-і мемлекет есебінен, 12-сі мемлекеттік — жекеменшік әріптестік негізінде болса, 40 мектепті жеке инвесторлар салады екен.

Пікір жазу