Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ ЭПИЗООТИЯЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР БАСТАЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ЭПИЗООТИЯЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР БАСТАЛДЫ

Шымкент қаласында жыл сайынғы жануарлардың аса жұқпалы ауруларына қарсы іс-шаралар басталды. Биыл эпизоотияға қарсы іс-шараларға мемлекет тарапынан 123 654,5 мың теңге қаржы қаралған. Жануарлар мен адамға ортақ аса қауіпті 29 түрлі ауруға қарсы диагностикалық зерттеулер мен 14 түрлі жұқпалы ауруға қарсы профилактикалық егу жұмыстары жүргізілуде.
Эпизоотия – белгілі бір аумақтың шегінде бір мезгілде уақыт пен кеңістікте дамитын, белгілі бір аймақтағы ауруға шалдығу деңгейінің әдеттегі санынан айтарлықтай асатын, бір немесе бірнеше түрдегі ауылшаруашылық малдарының арасындағы инфекциялық аурулардың таралуы.
Аталған жұмыстарға «Ветеринариялық қызмет» МКК-ның 70-ке жуық маманы жұмылдырылып, бүгінгі таңда 34 000 бас ірі және ұсақ малдардан бруцеллез аурына қан сынамалары алынып, диагностикалық зерттеуге өңірлік зертханаға жолданды.
Бұдан бөлек, құтыру ауруына қарсы 10650 бас ит-мысықтарға, сібір жарасы ауруына қарсы 33000 бас, аусыл аурына қарсы 43750 бас ірі және ұсақ малдарға, сонымен бірге құс тұмауына қарсы 75500 бас үй құстарына екпе егілді.
Айта кетейік, бұл іс-шаралар ауыл шаруашылығы жануарларына мемлекеттік бюджет есебінен тегін жүргізіледі. Белгіленген кестеге сәйкес маусымдық іс-шаралар жалғасуда.

Пікір жазу