Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » АДАМ ӨМІРІНІҢ ҚОРҒАУШЫСЫ

АДАМ ӨМІРІНІҢ ҚОРҒАУШЫСЫ

Дәрігер деген кең ұғым, қастерлі мамандық. Бұл мамандық иелерінің жауапкершілігі де мол, атқаратын жұмыстары да ауқымды. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін осынау маңызды салаға бүкіл өмірін арнап келе жатқан абзал жандар қаншама. Солардың бірі – Фируза Қонаева.
Фируза Қонаева – денсаулық сақтау саласының үздігі, бір сөзбен айтқанда нағыз адам өмірінің қорғаушысы десе де болады. №4 қалалық емханасында күндізгі стационар мен жалпы тәжірибелі дәрігерлер меңгерушісі болып жұмыс істейді.
Білікті дәрігер жиырма жылдан бері денсаулық сақтау саласында қызмет етеді. Медициналық көмек көрсетудің сапасын арттыруға барынша үлесін қосып жүр. Ақ халатты абзал жан медицина қызметкері болу адамға жарық сыйлау деп есептейді.
Медицина саласында тәжірибесі мен біліктілігі мол маманды еміне дауа іздеген азаматтар іздеп келіп, алғысын білдіріп жатқандар қаншама.
Күндізгі стационарда айына 53 пациент қабылдап, медициналық қызметті ілгерілетуде табанды еңбек етіп келеді.

Пікір жазу