Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ ОНКОЛОГТАР ЗЕЙНЕТКЕРГЕ ГИСТЕРЭКТОМИЯ ОТАСЫН ЖАСАДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ОНКОЛОГТАР ЗЕЙНЕТКЕРГЕ ГИСТЕРЭКТОМИЯ ОТАСЫН ЖАСАДЫ

Шымкент қаласындағы онкологиялық орталықтың медицина мамандары 63 жастағы тұрғынның өмірін аман алып қалу үшін алғаш рет лапароскопиялық әдіспен гистерэктомия отасын жасады.
Операция жасалған науқас сүт безінің қатерлі ісігімен есепте тұрады. Бір жыл алдын онкологиялық орталықтың дәрігерлері пациенттің дертіне байланысты күрделі ота жасаған. Қайта тексеруге келген пациенттің жатырынан ісік анықталып, 63 жастағы зейнеткердің өмірін аман алып қалу үшін дәрігерлер пышақсыз ота жасаған.
Онкологтардың сөзінше, зейнеткерге жасалған ота сәтті өтті. Тіліксіз жасалған хирургиялық емнің арқасында, егде жастағы азаматша операция жасаған күні кешкісін өздегіне тұрып жүрді. Жағдайы жақсарған науқасты дәрігерлер төрт күннен кейін аурухандан шығарды.
Медицина мамандары лапароскапиялық әдіспен жасалатын гистерэктомия отасының тиімділігі зор дейді. Мұндай операция хирургтар үшін техникалық жағынан қиындау болғанымен, науқастың оңалуына зор мүмкіндік береді . Нақтырақ айтқанда, бұл әдіспен жасалаған операциядан кейін науқаста үлкен жарақат болмайды, жараның жазылмауы, іріңдеуі өте сирек кездеседі. Сондай-ақ отадан кейінгі реабилитация аз уақытты алып, қалыпты өмірге тез оралады.
“Лапароскапиялық операциялар әлемдік тренд. Бізде енді осы әлемдік көшке қосылып жатырмыз. Науқастардың оңалуына зор мүмкіндік беретін лапароскопиялық ота санын және сапасын одан әрі арттыра түсеміз”-дейді онкологиялық орталықтың дәрігері Елдос Еркінұлы.
Шымкент қаласындағы онкологиялық орталықтың дәрігерлері мұндай лапароскапиялық әдіспен жасалатын операция түрін тұрақты түрде жасауды қолға алған.

Пікір жазу