Үшінші мегаполисте 120-дан астам монументалдық туындының авторы Дәурен Әлдековтың 70 жылдығына арналған еске алу жеке шығармашылық көрмесі ашылды.
Көрмеге автордың 60-қа жуық шығармасының фотосуреттері мен түпнұсқалары қойылды.
Сонымен қатар, мүсіншінің өнердегі үзеңгілес достары белгілі суретшілер, мәдениет пен өнер қайраткерлері, ҚР суретшілер одағының мүшелері, Шымкент қалалық суретшілер одағының «TAMYR» шығармашылық тобы
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Досты еске алу» көрмесін қала тұрғындары мен қонақтарына ұсынып отыр.
Бейнелеу өнері музейінде өткен салтанатты жиында мүсіншінің жары Әсия Ералықызы және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Құрмет
орденінің иегері, суретші-монументалист Насыр Рүстемов, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ЮНЕСКО жанындағы көркемсурет сыншылары қауымдастығының мүшесі, өнертанушы Камилла Ли, Шымкент қалалық суретшілер одағының төрайымы Айнұр Асанова, ҚР Мәдениет қайраткері, Бейнелеу өнері музейінің бөлім меңгерушісі Рысқұл Бекталиева мүсінді бейнелердің мінсіздігімен ерекшеленетін шығармалар қалдырған біртуар азаматтың еңбектері жайлы айтып, естеліктерін сөз етті.