Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов қаладағы бірқатар жол нысандарының құрылыс барысын аралап, жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысып көрді. Шаһар басшысы алдымен қаладағы Бәйдібек би даңғылы мен Ұ.Арғынбеков көшесінің қиылысында салынатын жолайрығын салу құрылысының жобасымен танысты.
Жалпы Бәйдібек би – Арғынбеков көшелерінің қиылысында көлік жолайрығын салу құрылысының бірінші кезеңіне жауапты мердігер мекеме – «Казахдорстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Құрылыс аумағының ұзындығы Бәйдібек би даңғылы бойынша — 700, Арғынбеков көшесі бойынша – 921 метр.
Құрылыс 2020-2022 жылдар аралығына жоспарланған. Жалпы құны –11,4 млрд теңге. 2021 жылға қаралғаны – 200 млн теңге. Жалпы 61 жер телімін қайтару қажеттігі туындауда.
Негізгі жолды жабуға дейін биыл мамыр — қыркүйек айлары аралығында ағаштарды тамырымен жұлу, 3-4 съездердегі байланыс желілерін қайта жайластыру, Арғынбеков көшесіндегі үшінші съездегі тіреу қабырғасын салу жұмыстарын жүргізу жоспарда.
Сонымен қатар, қазан — желтоқсан айлары аралығында Арғынбеков көшесінің бойындағы 3-ші съездің тіреу қабырғасын салу, туннель бойынша жер жұмыстарын жүргізу көзделуде.