Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТ: ПОЛИЦЕЙЛЕР САУАБЫ МОЛ ИГІ ІСКЕ ҰЙЫТҚЫ БОЛДЫ

ШЫМКЕНТ: ПОЛИЦЕЙЛЕР САУАБЫ МОЛ ИГІ ІСКЕ ҰЙЫТҚЫ БОЛДЫ

Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасының №10 учаскелік полиция пункті қызметкерлері Сералиев Серғазы және Орынбай Елдар қоғамдық көмекшілер бірлесе қайырымдылық шарасын ұйымдастырды, деп жазады қалалық ақпараттық — коммуникациялық орталығына сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі.
Қасиетті Разаман айына орай тәртіп сақшылары мен олардың көмекшілері көмекке мұқтаж отбасылардың біріне барып, күнделікті тұрмысқа қажетті азық — түлік өнімдерін жеткізіп берді. Сауабы мол игі іске ұйытқы болғандардың бірі — Нигара Мусаева. Ол сегіз жылға жуық қоғамдық тәртіп пен қылмыстың алдын алуда полиция қызметкерлеріне көмекші ретінде қызмет көрсетіп келеді.
«Ораза айында қайырымдылық шарасын арнайы қолға алдық. Себебі қоғамдағы түрлі санаттағы осал топтағы жандарға қол ұшын созу баршамыз үшін азаматтық парыз. Полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып жүзеге асырған бастамамыз алдағы уақытта да жалғасады»,- деді Нигара Мусаева.
Қайырымдылық көмектің шарапатын сезінген отбасы өкілі ризашылығын білдіріп, батасын берді.

Пікір жазу