Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТ: ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛІП ЖАТҚАН ПӘТЕРЛЕРДІҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

ШЫМКЕНТ: ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛІП ЖАТҚАН ПӘТЕРЛЕРДІҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Елімізде баспана мәселесін шешудің түрлі жолдары қарастырылған.
2019 жылы:
Шымкент қаласында тұрғын үй алу тізімінде 40 516 азамат тіркеліп, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында сатып алу құқығынсыз арендалық тұрғын үйге 540 отбасы қол жеткізді. Оның ішінде санаттар бойынша: 177 пәтері көпбалалы отбасыларға, 108 пәтері жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және 255 пәтері әлеуметтік жағынан осал топтарына және бюджеттік сала қызметкерлерінің пайдалануына берілген. Сонымен қатар , «Самұрық – Қазына» АҚ желісі бойынша кезекте тіркелген 97 азамат, ал «Бәйтерек Девелопмент» АҚ желісі бойынша 91 азамат аренда әрі қарай сатып алу құқығымен пәтермен қамтамасыз етілді.
2020 жылы:
Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй алу тізімінде тіркелгендер саны – 42 269 азаматты құраған. Өткен жылы 1596 пәтер азаматтарға сатып алу құқығынсыз арендалық ретінде берілсе, кредиттік тұрғын үй бағытында 2614 әлеуметтік несиелендіру шарты негізінде тұрғын үймен қамтылған.
Қазіргі таңда, Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй алу тізімінде тіркелгендер саны 43 906 азаматты құрап отыр. Бұл көрсеткіш 2020 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 2 есеге артқан. Жыл басынан бері 976 отбасыны арендалық пәтермен қамту жоспарланып, жұмыс істейтін жастарға 300 пәтер, жетім балаларға 10 пәтер, көпбалалы отбасыларға 106 пәтер, халықтың әлеуметтік әлсіз тобына 45 пәтер кілті табысталды. Сонымен қатар екінші деңгейлі банктер тарапынан 613 азамат 8 186,3 млн теңгеге несиелендіріліп, тұрғын үймен қамтылды. Ал ағымдағы жылдың соңына дейін кезекте тұрған азаматтарды тұрғынжаймен қамтамасыз ету үшін 1 580 пәтер сатып алу жоспарлануда.
Айта кету керек, келесі комиссия отырысы ағымдағы жылдың мамыр айына жоспарланып отыр. Соңғы жылдары тұрғын үй құрылысы жұмыстары қарқын алып, кезекте тұрған азаматтарға қолданысқа беріліп жатқан пәтерлердің саны артып келеді. Бұл өз кезегінде тұрғын үй кезегінің едәуір жылдам жылжуына оң әсерін беруде. Алдағы уақытта мегаполис тұрғындарын баспанамен қамту мақсатында қала әкімінің тапсырмасына сәйкес 1 млн шаршы метрге жеткізу көзделген.

Пікір жазу