Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ЖҰМЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ЖҰМЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерман Бекмұратов I тоқсанда атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Жалпы басқарма тарапынан атқарылып жатқан негізгі бес бағытқа тоқталып өтті.
Е.Бекмұратовтың айтуынша, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2021 жылы 21 842 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, нақты 5 885 адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылды (26,9%).
Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 2500 адамды жолдау жоспарлануда. Екінші бағыт (Жаппай кәсіпкерлікті дамыту) бойынша 600 адамға мемлекеттік грант беру жоспарланған. Биыл сәуір айында 600 адамға мемлекеттік грант беріледі.
Үшінші бағыт (Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту) бойынша нақты 5885 адам жұмыспен қамту іс-шараларымен қамтылды. Атап айтқанда, бос жұмыс орындарына 2430 адам (34,6%) орналастырылып, әлеуметтік жұмыс орындарына 109 (54,5%), жастар практикасына 568 (22,7%), ақылы қоғамдық жұмыстарға 2778 адам (90,8%) жолданды.
Сонымен қатар, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2021 жылдың бірінші тоқсандағы жағдай бойынша 229 мүмкіндігі шектеулі азамат әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды. Оның ішінде 62 азамат тұрақты жұмысқа, ал 167 азамат уақытша жұмысқа тартылды.

Пікір жазу