Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ 25 МЫҢ ОҚУШЫ 1-СЫНЫПҚА БАРАДЫ

ШЫМКЕНТТЕ 25 МЫҢ ОҚУШЫ 1-СЫНЫПҚА БАРАДЫ

Шымкент қаласындағы 186 мектепте 226 679 оқушы білім алуда. 2020-2021 оқу жылының IV тоқсанында 22 мектеп (8 467 оқушы) штаттық режимде, аралас форматта 188 333 оқушы (83,1 %) ата-аналардың өтініші негізінде қашықтықтан 29 745 (13,1%) оқытылуда.
Қала әкімі Мұрат Әйтеновке «ҚР Білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес 2021 жылдың I тоқсанда атқарылған жұмыстар бойынша білім басқармасының басшысы есеп берді.
Оқушылардың 4-тоқсанды қорытындылау бойынша айтып өткен басқарма басшысы 11-сыныпты 9 342 оқушы бітіргелі отырғанын жеткізді. 4 наурыздан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеуге тіркелу алғаш рет компьютерлік форматта app.testcenter.kz сілтемесі арқылы жүргізілуде. Компьютерлік форматтағы ҰБТ – әрбір тестіленуші үшін дербес компьютерді пайдалану арқылы жүргізілетін тестілеу, яғни бір компьютер – бір камера принципі бойынша. Тестілеу«бір компьютер – бір камера» принципі бойынша компьютерлермен жабдықталған U-STUDY тестілеу орталығында өтеді.
Ал, қалада 1-сыныпқа құжат қабылдау 1 сәуірден бастап, 1 тамызға дейін болып белгіленген. Қалалық білім басқармасының басшысы Ж.Тажиеваның мәлімдеуінше, 2021-2022 оқу жылында 1-сыныпқа болжам бойынша 25 000-ға жуық оқушы қабылдау жоспарланып отыр. Құжатты қабылдауға өтініш беру E-gov электронды порталы немесе Sakura24.kz сайты арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі таңда 2 076 оқушы 1-сыныпқа қабылданып отыр. Оның ішінде 412 бала E-gov электронды порталы арқылы, 1664 бала Sakura24.kz сайты арқылы қабылданды. Қаладағы үш ауысымда білім беретін, бала сыйымдылығы 35-40 болған №1, 16, 22, 29, 38, 42, 46, 45, 47, 50,53,54, 55, 58, 59, 65, 69, 72, 75, 77, 78, 81, 83, 88, 92, 94, 95, 103, 104, 115, 116, 120, 122, 130 мектептерде оқушыларды қабылдауға шектеу қойылғанын жеткізді.
Қала әкімі Шымкенттің онлайн оқытуда республикада алғашқы орыннан көрінген айта келіп, басқарма басшысының жұмысына оң баға берді. Сонымен бірге, жаңа оқу жылына пайдалануға берілетін мектептерге білікті ұстаздарды тартуды тапсырды.

Пікір жазу