Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағыт: рухани жаңғыру» мақаласы туралы сөз қозғап, ондағы идеялардың мәңгілік ел мұратына жетудегі нақты, айқын қадамдары екенін айшықтады.
«Президент мақаланың кіріспе бөлімінде қазақстандықтарға осы жылдың басында мемлекеттің үшінші жаңғыруының басталғанын еске салды. Жаңғырудың мақсаты – Қазақстанның алғашқы 30 дамыған мемлекеттердің қатарына кіруі. Елбасының айтуынша, аталған мақсатқа қол жеткізу үшін жеке адамдардың ғана емес, бүкіл елдің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру қажет. Ол қазақстандықтарды ескі әдеттер мен ережелерден бас тартып, прагматик болуға шақырады. Себебі, бұл өзгеріс мемлекеттің модернизациясына үлкен үлес қосады», – деді облыс әкімі.
Иә, облысымыздың әкімі дәл айтып отыр: «Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін жеке адамдардың ғана емес, бүкіл елдің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру қажет». Ол үшін әр азаматымыздың қоғамдағы белсенділігі мен ұлттық рухтағы іс-қимылдары арту міндетті. Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлденуіне бір кісідей атсалысайық, ағайын!..
Өз тілшімізден