Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ТҮЛЕКТЕР ҰБТ-НЫ ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТТА ТАПСЫРАДЫ

ТҮЛЕКТЕР ҰБТ-НЫ ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТТА ТАПСЫРАДЫ

Шымкент қаласының әкімі қаладағы Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру барысын пысықтады. Білім басқармасының басшысы Ж.Тажиева биыл 11-сыныпты 9 342 оқушы бітіргелі отырғанын және ҰБТ тапсырудағы биылғы өзгерісті баяндады.
Осыған дейін ҰБТ қағаз түрінде, 2 рет ақылы және 1 рет грант алу мүмкіндігі негізінде 10 күн аралығында өтіп, ҰБТ өткізу пункттері әр өңірге арнайы белгіленген болатын.
Ал, 2021 жылдан бастап ҰБТ тапсыру «Бір компьютер – бір камера» принципі бойынша әрбір тестіленуші үшін дербес компьютерді пайдалану арқылы электрондық форматқа көшті. Бұл ретте тестіленуші жылына 2 рет ақылы және 2 рет білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға мүмкіндік ала отырып, тегін ҰБТ тапсыра алады.
ҰБТ арнайы жабдықталған 2 аймақтық «U-Study» тестілеу орталықтарында І-кезеңі 10 наурыз — 10 сәуір аралығында (ЖОО ақылы негізде түсуге) өткізіліп, 6 973 (74,6%) талапкер тест тапсырды.
ІІ-кезеңі 25 сәуір мен 30 маусым аралығында (білім беру гранттарын тағайындау конкурсы арқылы 2 мүмкіндік) өтетін болады. Тестіленушілер өз бетінше (тіркелу сайты — https://app.testcenter.kz/auth) осы жылдың 15 сәуірінен бастап тіркелуде және ҰБТ тапсыру орнын Қазақстанның кез-келген өңірінен таңдау мүмкіндігі бар.
Сонымен қатар, бұл жылы 15 173 талапкер тестілеуге (2 рет тапсырғанда 30 346) келеді деп күтілуде. Оның ішінде: Шымкент қаласынан – 8 585 түлек ҰБТ тапсыруға өтініш білдірсе, Түркістан облысының Сайрам, Төлеби, Қазығұрт, Түлкібас, Бәйдібек аудандарынан 6 588 талапкердің келуі жоспарлануда. Жалпы бір күнде екі ауысыммен 43 күн аралығында 30 346 талапкер тестілеуден өтетін болады.
Шаһар басшысы атқарылған жұмыстарды тыңдап, тест тапсыру орталықтарындағы қауіпсіздік, санитарлық жағдайдың қатаң қадағалануын тапсырды.

Пікір жазу