Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ЕҢБЕК ДИНАСТИЯЛАРЫНЫҢ ФОРУМЫ

ЕҢБЕК ДИНАСТИЯЛАРЫНЫҢ ФОРУМЫ

Оңтүстік Қазақстан облысында «Еңбек күніне» арналған жұмыскерлер мен еңбек династияларының облыстық форумы өтті. Салтанатты жиынға қатысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев барша еңбек қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, осы салада ұзақ жылдар еңбек еткен ардагерлер мен қызметкерлерді марапаттады.

«Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы мен «Мәңгілік ел» идеясы, «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» еңбегі қоғамда үлкен серпіліс туғызып, ел дамуының ұзақ мерзімді бағдарларын айқындады. Біздің қазіргі қол жеткізген жетістіктеріміз – баспалдақ іспетті. Оның әрбір баспалдағы құрылысшы, ұстаз, дәрігер, ғалым, аспазшы, сақшы, егінші, қарапайым жұмысшының еңбегімен, оның маңдай терімен құралатыны айдан анық. Қазіргі таңда еліміздің экономиқалық қуатын арттыруға, мәдени мұрасын жаңғыртып, рухани әлемін байытуға өлшеусіз үлес қосып отырған Оңтүстік азаматтары біз үшін мақтаныш», – деді әкім.

Бұл күні өз саласында талмай еңбек етіп, өз ісінің білгірі атанған 27 азаматқа облыс әкімінің Грамотасы мен Алғыс хаты, облыстық «Нұр Отан» партиясының алғыс хаты, ҚР «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» және «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» белгісі табысталды. Сондай-ақ, мерекелік жиында «Еңбек жолы» конкурсының жеңімпаздары да құрмет пен қошеметке бөленді.

Айта кету керек, жұмыс берушілердің еңбек заңнамасы талаптарын сақтауын ынталандыру мақсатында 2016 жылы алты, ал, 2017 жылы он кәсіпорынға, мәселен,  «Стандарт цемент», «Ордабасы құс» «Завод Триумф ММС» ЖШС-гі сынды бірқатар өндіріс орындарына сенім сертификаты табыс етілген.

 

Өз тілшімізден

Пікір жазу