Облысымыздың аудан, қалаларында отбасының беделін көтеру, неке мен отбасы құндылықтарын насихаттау және қоғамның гендерлік мәдениетін арттыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» жобасын іске асыру мақсатында Арыс қалалық мәдениет үйінде «Жақсы дәстүр – отбасының тірегі» атты кездесу өтті.
Іс-шараға «Ғаламат» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Д.Маманова және психолог-маманы А.Әділқасымқызы, жергілікті көпбалалы аналар, жас отбасылар, ардагерлер, мәдениет және кітапхана қызметкерлері, мектеп оқушылары, жастар және БАҚ өкілдері қатысты.
Іс-шарада қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Г.Садықова кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастырған іс-шаралары мен қазіргі таңдағы жағдайына, қазақтың салт-дәстүрлерін насихаттайтын бірден-бір орын кітапхана екеніне тоқталып өтті.
Сонымен қатар, «Ғаламат» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Д.Маманова отбасы құндылықтары туралы баяндап, слайд көрсетіп, көрермендермен ой бөлісті. Шара барысында аталған қоғамдық бірлестіктің психолог-маманы А.Әділқасымқызы қатысушылармен психологиялық ойындар өткізіліп, ұмыт болған ұлттық салт-дәстүрлерімізді насихаттау мақсатында «Бие қысырамасын» дәстүрінен көріністер көрсетті.