Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » АЛЫСТАН КӨЗ ТАРТҚАН – ОТЫРАР

АЛЫСТАН КӨЗ ТАРТҚАН – ОТЫРАР

2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында тарихи – мәдени ескерткіштер мен нысандар қатарында Отырар қалашығындағы жаңғырту жұмыстары жүргізілген болатын. 2013 жылы «Халық – тарих толқынында» бағдарламасы аясында әлемнің ең белді архивтерінен төл тарихымызға қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинап зерттеген. Осы күнде тек қазақ ғалымдарының ғана емес шетелдік ғалымдардың да еңбектерінде Отырарға қатысты біраз мәліметтер баршылық деуге болады. Қарт Отырардың өткені мен бүгінгісі кім-кімді де қызықтырмай қоймайтыны анық. 40 жылдан астам археологиялық экспедициялар арқылы қаланың тарихынан сыр шертетін құнды деректер мен қатар нысандар аршылды. Тарихта «Отырар қалашығы» деген атпен қалған тоғыз жолдың торабында қала бүгінде өз еліміздің ғана емес шетелдік туристердің ең көп келетін туристік нысанға айналған.

Жаңғыру демекші сәуір айында Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы жарық көріп, осы мақаладағы бағыттар бойынша көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып, игі істер атқарылып келеді. Бір апта бұрын облыстық жастардан құралған бір топ қонақтар Отырар ауданына «Ауылдағы бір күнім» атты іс-шараға келген болатын. Ауданға келісімен алыстан көз тартатын Отырар қалашығына да ат басын бұрды. 18 ғасыр өмір сүрген қаланың тарихы, мәдениеті, өнері, білімі, діні, шаруашылығы мен өнеркәсібінен сыр шертетін оъектілер бойынша құнды мәліметтер беріліп үлкен әсермен қайтты. Өз заманында суы мол, жасыл-желек, өркениеті жоғары деңгейде болған қаланың тарихы өте терең әрі мағыналы. Алдағы уақытта тарлан тарихты қаланы көру үшін келуші қонақтарымыздың саны көбеймесе азаймайтыны анық.

Г.Арыстанбаева

Пікір жазу