Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » БАЛУАНДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

БАЛУАНДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов күрес түрлерінен Азия чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінген жерлестерімізді арнайы қабылдап, оларға сый-құрмет көрсетті.
Азия чемпионатында шымкенттік балуандар жалпы 1 күміс, 2 қола медаль олжалады.
– Күрес түрлерінен Алматыда өтіп жатқан Азия чемпионатының алғашқы жарыс күнінде гирек-рим күресінен Қазақстан құрама команда сапында 130 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Шымкент қаласының спортшысы Әлімхан Сыздықов ирандық Алиакбар Хоссемен күресіп, күміс жүлдеге қол жеткізді, — деді қала әкімінің орынбасары.
Ал Қазақстан құрама команда сапында әйелдер күресінен 57 келі салмақта өнер көрсеткен Алтынай Сатылған мен 53 келіде сайысқа түскен Айша Уәлишан қола жүлдегер атанды.
Қабылдау барысында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов балуандардан алдағы жарыстарына дайындық жайын сұрады. Спорт саласына басшылық жасап отырған Қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Тұманбаев Азия жүлдегерлерінің Токио Олимпиадасына қатысуға толық мүмкіндігі бар екендігін айтты. Ол үшін алда Болгарияда өтетін әлемдік жарыста шешуші бәсекеге шығуы керек. Осы жайында балуандардың бапкері, ҚР ЕСЖ Бисолт Дециев толық айтып берді.

Пікір жазу