Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 7751 АДАМ ВАКЦИНА САЛДЫРДЫ

ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 7751 АДАМ ВАКЦИНА САЛДЫРДЫ

Шымкент қаласында өткен тәулікте 7751 адам вакцина салдырды: I компонент – 3984, II компонент – 3767. Егу науқаны басталғалы барлығы 124 132 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 21 436 адам вакцинаның екі компонентін алды.
3 мамыр күні КВИ-дің 65 жағдайы тіркеліп отыр (белгілері бар — 36, белгілері жоқ — 29). 31 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 34 адам үй бақылауына алынған.
Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 406 орын бар (қалалық инфекциялық орталық – 490, «Атамекен» клиникасы – 450, Орынбай ГБОО – 70 орын, №14 емдеу орталығы – 250, қалалық перинаталдық орталық – 30, оңалту орталығы – 100, қалалық клиникалық балалар ауруханасы – 10, Шымкент жүрек орталығы – 6), төсек-орын толымдығы – 50 %.
Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы тұрақты бақылауда. 2021 жылғы 3 мамыр күні 297 нысанға (289 кәсіпкерлік нысан, 8 жеке нысан) тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 8 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Шаһарда сауда нысандарында карантин талаптарының сақталуын бақылайтын 22 мобильдік топ жұмыс істеуде. Бұл бағыттағы іс-шаралар өзге өңірлермен салыстырғанда белсенді жүргізілуде. Жеке кәсіпкерлерге, қала тұрғындарына сақтық шараларына мән беруді, қоғамдық орындарда бетперде тағып жүруге шақырамыз.

Пікір жазу