Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » КИЕЛІ ЖЕРЛЕРДІҢ ЭЛЕКТРОНДЫ КАРТАСЫ

КИЕЛІ ЖЕРЛЕРДІҢ ЭЛЕКТРОНДЫ КАРТАСЫ

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Оңтүстік Қазақстан облыстық Жобалық кеңседе БАҚ және блогерлердің қатысуымен кеңсе тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды насихаттауға байланысты ашық есік күні өткізілді. Мақсаты – жобалық офистің бір күнгі жұмысымен танысу, пікір алмасу, тың идеялар жөнінде ой бөлісу және облыс көлемінде атқарылған іс-шараларды БАҚ-да және әлеуметтік желілерде жариялаудың жолдарын қарастыру. Бүгінде өңірімізден республикаға 109 жоба мен іс-шаралар бойынша жұмыстар атқарылуда.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы 4 бағытта жүзеге асырылып келеді. Бірінші: жастардың бойына білімге құштарлықты «Тәрбие және білім» арқылы қалыптастыру жүргізіледі. Екінші: «Атамекен» кіші бағдарламасы бойынша ауылдан шыққан белді азаматтар мен кәсіпкерлердің туған жерлеріне қолдау көрсетіп, өз туған жерін түлетуге атсалысуы көзделеді. Үшінші: «Рухани қазына» кіші бағдарламасы. Бұл бағытта еліміздің қасиетті және киелі жерлері, рухани құндылықтарды, туристік орындары зерделенеді. Жалпы, бағдарлама аясында жоспарланған және атқарылған жұмыстар жөнінде халықты ақпараттандырумен «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламасы айналысады.

Кеңсе менеджерлерінің жүзеге асырып жатқан ауқымды жобалары таныстырылды. Осыған байланысты сарапшылар жобаларды бағдарламалық мақаладағы 6 басымдыққа негіздеп, бағалады. Атап айтқанда,

— «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша Алтын адам, Алтын қазына, «Туған жер – 2017», Абай даналығы, Өлкетану;

— «Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша «Бабалар мұрасы ізімен» фотоальбомы, Яссауи хикметтері жобасы, ұлттық киімдер фестивалі;

— «Атамекен» кіші бағдарламасы бойынша «Демеушілер тарапынан әлеуметтік қолдау»;

— ruh.kz ақпараттық порталын таныстыру;

Айта кетерлігі, «Рухани қазына» кіші бағдарламасының әкімшісі Х.Таджиев «Бабалар мұрасы ізімен» фотоальбомы мен Түркиядағы мұражайда сақтаулы тұрған Яссауи хикметтерінің көшірмесін елге әкелу жайлы жобалармен бөлісті. Жобаның негізгі мақсаты Оңтүстік Қазақстан облысында орта ғасырларда өмір сүрген Ұлы ғұламалардың шығармашылығын, олар қалдырған рухани мұраларын, қол жазбаларын облыстық «Отырар» ғылыми әмбебап кітапханасының ғылыми қорына жинақтау болып отыр.Осы мақсатта бүгінде біраз жұмыс атқарылып, өңіріміздегі бірнеше жазбалар жинақталған. Алда, шетелдердегі үлкен кітапханалармен байланысқа шығып, сондағы қорлардан өңіріміз жайлы біраз дерекетер зерделеніп, олардың сандық көшірмелерін алып келінбек. Сонымен қатар, осындағы ғалымдардың басын қосып сол жазбаларды ана тілімізге аударып, өз қоғамымызға, өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау көзделіп отыр.Айта кетейік бұ жобаға жергілікті ғалымдар да қызығушылық білдіріп отыр. Бұны келер жылы міндетті түрде толықтай жұзеге асыру жоспарлануда. Себебі, «Бабалар мұрасы ізімен» жобасының Елбасы мақаласында айтылған 6 басымдыққа да үлкен септігі бар. Сондай-ақ, құнды жазбалар Түркияның «Сулейман», «Баязид» кітапханаларында бар. Яғни, түрік елімен де тығыз байланыс орнатылмақ.

Мұнан соң, менеджер Ж.Құрбан «Оңтүстік – тарихи-рухани орындар мекені» атты жобасымен таныстырды. Жобаның мақсаты Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштерге арналған сайт және қасиетті, киелі орындардың интерактивті картасы арқылы тарихи-мәдени ескерткіштер мен қасиетті, киелі орындарды насихаттау. Картада тарихи-мәдени ескерткіштердің сипаттамалары, фотосуреті, орналасқан жері, фотосуреті, бару жолдары көрсетілетін болады. Өңірдегі киелі жерлер жайлы кез-келген адамның мағлұмат алуына үлкен көмегін тигізеді.

Тағы бір жанға жайлы жаңалықтың бірі – өңірдегі киелі және аңыздан құралған жерлер жайлы келешек ұрпақ санасына сіңіру мақсатында мектеп бағдарламасына «Өлкетану» пәнің енгізу қолға алынатын болады. Аталмыш игі істер бүгінде жоспарланып, жүзеге асырылуға дайын тұр.

Өз тілшімізден

Пікір жазу