7 мамыр – әр отбасынан бастап мемлекет бойынша ер адамдарға айрықша құрмет көрсетіліп, олардың батылдығы мен ерлігі айтылатын күн. Жылдағы дәстүр бойынша, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнінде құттықтау рәсімдері өткізіледі.
Мереке күні қарсаңында қаламыздағы мектептерде салтанатты шаралар ұйымдастырылды. №109, №131, №27 және №3 жалпы орта мектебінде қызмет ететін кәсіподақ мүшелерінің басын қосқан салтанатты жиынға Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Шымкент қалалық ұйымының төрайымы Лариса Тургинбаева арнайы қатысты. Мерекелік шара барысында ер азаматтарға өркендеу жолында атқарып жатқан игі қызметтеріне алғыс айтылып, түрлі бағалы сыйлықтар мен Алғыс хаттар табысталды.
Халқымыз елінің, жерінің қорғаны болған батырларын ерекше ардақтап, құрмет тұтқан. Мерейлі мереке күні барша отандастарымызды құттықтаймыз!
Айта кетейік, салтанатты шараға қатысқан педагогтерге вакцина салынған.
© Didarbek.kz