Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » «ЫСТЫҚТАУДЫҢ» РЕТІ ЖОҚ

«ЫСТЫҚТАУДЫҢ» РЕТІ ЖОҚ

Қырғызстан басшысы Алмазбек Атамбаевтың айтқан уәжіне қатысты Оңтүстіктің зиялы қауым өкілдері пікір білдірді

Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаевтың елдегі президенттік сайлауда қазақ-қырғыз елдерінің тату көршілігіне сызат түсіріп, ағайындық қатынастарға зардабын тигізетін мәлімдеме жасауы – ел басшысы үшін өрескел әрекет болды, әрине. Дегенмен, дәурені өткен Атамбаевтың сөзі үшін «ыстықтаудың» еш реті жоқ.

«Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаевтың спекуляциялық үндеулеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының үкіметі қазақ-қырғыз ынтымақтастығын және стратегиялық серіктестігін белсенді түрде кеңейтіп, нығайтады», – деген Қазақстан Үкіметі басшысының Бақытжан Сағынтаевтың орынды пікірімен келісемін және оны құптаймын.

Біз қырғыз еліндегі сайлаудың бейбіт жолмен, ың-шыңсыз өткенін қалаймыз. Сайлау қорытындысында жеңген кандидатпен дұрыс қарым-қатынас орнату, алдағы 15-20 жылға стратегиялық көкжиектерімізді айқындап алу – алдағы тұрған міндет. Ал, Атамбаевтың «сандырағына» бүкіл қырғыз халқы қосылмайтынына кәміл сенемін. Өйткені, туыс екі елдің арасына ешкім сызат түсіре алмайтыны айдан анық.

Мархабат БАЙҒҰТ,
жазушы,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
халықаралық «Алаш» және «Түркі әлеміне қызметі үшін» сыйлықтарының лауреаты

 

Пікір жазу