Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » «КИІЗ САТСАҢ – КӨРШІҢЕ САТ…»

«КИІЗ САТСАҢ – КӨРШІҢЕ САТ…»

Қырғызстан басшысы Алмазбек Атамбаевтың айтқан уәжіне қатысты Оңтүстіктің зиялы қауым өкілдері пікір білдірді

Қырғыз елі – Жаратқанның өзі о баста көрші етіп қойған, Қазақстан үшін аса маңызды мемлекеттердің бірі. Қазақта «Киіз сатсаң – көршіңе сат, бір шетінде өзің отырасың» деген мақал бар. Сол себепті көрші елдің ұтылып, ыдырауынан, бүлінуінен бізге ешқандай пайда болмасы анық. Егер Қырғызстанда Ауғанстандағыдай ахуал қалыптасса, оның зарар-зардабы бізді де шарпитыны анық. Ендеше, қырғыз еліндегі сайлаудың бейбіт жолмен, төңкеріссіз, айқай-шусыз өткенін тілейік. Бауырлас екі елдің арасын бұзу ниетін ешкім қолдамайтын жағдайда екенімізді айтқым келіп отыр.

Жасыратыны жоқ, қазақ элитасы қырғыз ағайындарға жоғарыдан қарап, қайсыбір жылдардағы елдегі саяси ахуалды «ақымақтау, дарақылау бауырларымыздың тірлігі» деп айыптауымыз, даттауымыз қырғыздың қазаққа деген көзқарасын жақсартқан жоқ. Сол себепті қазақ элитасы өзінің менмендігінен арылып, бауырлас халыққа деген стратегиялық көзқарастарды өн бойына дарытуы тиіс.

Мекемтас МЫРЗАХМЕТҰЛЫ,
абайтанушы ғалым,
филология ғылымдарының докторы,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік және халықаралық «Түркі әлеміне қызметі үшін» сыйлықтарының лауреаты

 

Пікір жазу